Accessibility links

Қытай мен Сербия стратегиялық әріптестік құрды


Бүгін Қытай мен Сербия стратегиялық әріптестік құрғандарын жариялады. Оған Сербия президентінің Бейжіңге сапары барысында қол жетті.

Циньхуа агенттігі Қытай ресмилерінің айтқанына сілтеме жасап, Қытай президенті Ху Дзиньтао президент Борис Тадичке “ Cіз Сербия президенті ретінде қызметке кіріскеннен бері, Қытай-Сербия байланыстарының маңыздылығы мен екіжақты байланыстардың дамуына үлес қосып келесіз” дегенін хабарлап отыр.

Қытай билігі Косовоның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартқан соң, Белград пен Бейжің арасындағы байланыс күшейе түсті.

Сербия президенті Борис Тадич Қытайға сәрсенбі күні мемлекеттік сапармен барған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG