Accessibility links

Сауд Арабиясы мен Оман сұлтандығы Қазақстанның бастамасына қолдау білдірді


Ислам Конференциясы ұйымының Бас хатшылығы ұйымға мүше мұсылман елдерінен Қазақстан президентінің 29-тамызды Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялау туралы бастамасын қолдауды сұрады, — деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Тәуелсіз Қазақстанның тарихы ядролық қарусызданумен тікелей байланысты. Тәуелсіздік таңымен бірге 1991 жылдың тамыз айында президент Н.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 2006 жылдың 8-қыркүйегінде Семей қаласында Орталық Азия елдері өз аумағында ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойған. Бұл келісімнің тарихи мәні бар, сондай-ақ Ислам Конференциясы ұйымына мүше мемлекеттердің халықаралық қауіпсіздікке үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді», — делінген Ислам Конференциясы ұйымы таратқан хабарламада.

Қазір Сауд Арабиясы мен Оман сұлтандығы бұл бастамаға қолдау білдірді.
XS
SM
MD
LG