Accessibility links

Қазақстанның әр аймағында заңсыз ойын мекемелері жұмыс істеуде


Тыйым салынғанына қарамастан Қазақстанның барлық жерінде ойын мекемелері жұмыс істеуде, — деп хабарлады Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

«Барлық қалада дерлік ойын автоматтарының залдары жұмыс істеп келген, бұлардың ойын мекемелерінен атауы ғана бөлек, ұтыстар кей жерлерде ақшамен, тағы бір жерлерде телефон карточкалары, тағы басқа заттар түрінде беріліп отырған», — деді ол.

Бас прокуратураның тексеруі барысында заңсыз 97 ойын мекемесінің жұмысы әшкере болып, 1300-ден аса ойын автоматтары, 35 рулетка, 12 ойын үстелі тәркіленген.

Аталған деректер бойынша 41 әкімшілік құқық бұзушылық ісі тіркеліп, 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
XS
SM
MD
LG