Accessibility links

Қазақстан делегациясы МАГАТЭ-нің бас конференциясына қатысады


Қазақстан делегациясы қыркүйек айында Венада өтетін МАГАТЭ-нің бас конференциясына қатысады, — деп хабарлады «Қазатомпром» ұлттық компаниясының президенті Владимир Школьник.

МАГАТЭ өкілдеріне Қазақстанға сапары үшін алғыс білдірген Школьник оларға Қазақстанның атом өнеркәсібі мен энергетика саласын дамыту жөнінде үлкен жоспарлары барын айтты. Кездесу барысында Ақтау атом электростанциясының құрылысының келешегі турасында, сондай-ақ медицина саласында ядролық технологияны қолдану сөз болды.
XS
SM
MD
LG