Accessibility links

Қарағанды медицина академиясы Пәкістанда колледж ашпақ


ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Рсалиевтің хабарлауынша, Қарағанды медицина академиясы Пәкістанда колледж ашпақ.

Ресми өкілдің айтуынша, Қарағанды медицина академиясының білім беру жөніндегі қызметі Пәкістанға өте қажет, Қазақстанда шетелдік студенттердің көбі медициналық білім алуда. Қазақстандық дипломдар Үндістан, Пәкістан, Қытай мен Сирияда жұмыс істеуге жарайды.

Сондай-ақ Пәкістан медицина колледжінде қазақстандық оқытушылар сабақ беретін болады.

«Сабақ беру үшін оқытушылар ол жаққа екі-үш айға барып келіп, вахталық әдіспен жұмыс істейтін болады, сонымен бірге қазіргі заманғы IT-технологияның көмегімен алыстан оқыту тәсілі де қолданылмақ. Пәкістандық студенттер оқудың алғашқы екі курсын Пәкістан филиалында, ал соңғы екі курсты Қазақстанда оқуы да мүмкін. Оқыту ақылы негізде жүргізіледі.», — деді Серік Рсалиев.
XS
SM
MD
LG