Accessibility links

Қарзай мен Абдулланың қолдаушылары сайлауда жеңгендерін айтады


Ауған сайлауына түскен негізгі үміткерлердің қолдаушылары бейсенбі күнгі дауыс берулерде жеңіске жеткендерін мәлімдеді. Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың науқан жетекшісі Дин Мохаммад бастапқы қорытындылар Қарзайдың дауыстардың басым бөлігіне ие болғанын көрсетіп отыр, сайлаудың екінші турын өткізудің қажеті жоқ деп атап көрсетті.

Қарзайдың негізгі қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулланың баспасөз хатшысы журналистерге берген сұхбатында Абдулла дауыстардың көпшілігіне қол жеткізді деп хабарлады. Саид Ака Фазил Санчараки бақылаушыларымыз жіберген мәліметтерге сәйкес Абдулла шамамен 63 пайыз дауысты иеленсе, Қарзай шамамен 32 пайыз дауыс жинады деп мәлімдеді.Абдулланың науқан тобы сондай-ақ елдің кей өлкелерінде заңбұзушылықтар орын алды деп айыптады. Екі үміткердің қолдаушыларының мәлімдемелері тәуелсіз түрде расталмады.

Сайлаудың бастапқы ресми нәтижесі екі аптадан кейін жарияланбақ.
XS
SM
MD
LG