Accessibility links

Доңыз тұмауына байланысты ескерту жасалды


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары лауазымды ресми өкілі доңыз тұмауының ғаламдық таралуы көптеген адамның өміріне қауіп төндіреді деп мәлімдеді. Алдағы айларда бұл вирустың жайылу мүмкіндігіне әлем елдерінің үкіметтері әзір болуы тиіс дейді халықаралық ұйымның Батыс Тынық мұхиты бойынша директоры Шин Енг-су. Оның айтуынша, H1N1 вирусы әсіресе денсаулық жүйесі нашар дамып келе жатқан елдерге әсер етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шамамен 1800 адамның өмірін қиған доңыз тұмауын пандемия деп жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG