Accessibility links

Грузияда әскери көтерілісте айыпталғандардың соты басталды


Тбилисиде әскери көтерілісте айыпталған 41 адамның соты басталды. Сот ресмилерінің айтуынша, сотқа тартылып отырғандарға үкіметті құлатпақ болды және әскери базаны заңсыз басып алды деген айыптар тағылған.

41 адам мамыр айында Тбилиси сыртындағы Мухровани базасының танк батальонында орын алған толқуларға қатысы бар деп айыпталып отыр. Бұл оқиға бірнеше сағаттан кейін зорлық-зомбылықсыз аяқталған болатын.

Даулы НАТО әскери жаттығулары қарсаңында болған бұл оқиғаға байланысты Грузия басында Ресейді айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG