Accessibility links

АҚШ Қарзай мен Абдулланы тынышталуға шақырды


Сайлау ресмилері мен АҚШ Ауғанстандағы жетекші президенттік үміткерлердің қолдаушыларын тынышталуға шақырды. Бұл елде бейсенбі күнгі сайлауларға қатысты дауыстар саналып жатыр.

Ауған сайлау комиссиясының басшысы Дауд Али Нажафидің мәлімдеуінше, президенттік және жергілікті сайлаулардың алғашқы бастапқы қорытындылары сейсенбіден бұрын жарияланбайды.

АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістандағы өкілі Ричард Холбрук президент сайлауындағы негізгі қарсыластар – Хамид Қарзай мен Абдулла Абдулланы өздерін жеңімпаз деп атауға асықпауға шақырды. Қазіргі президент Қарзай мен бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла сайлауда жеңіске жеткендіктерін мәлімдеп қойды.
XS
SM
MD
LG