Accessibility links

Еуропа: Ауған сайлаулары жалпы әділ өтті бірақ барлық жерде еркін болмады


Ауғанстандағы сайлауларды бақылаған ЕуроОдақ өкілі жалпы дауыс берулер жақсы және әділ өтті бірақ зорлық-зомбылық пен қорқытып-үркіту әрекеттеріне байланысты елдің кей аймақтарында сайлау еркін болмады деп мәлімдеді. Бұл туралы Филип Мориллон сенбі күні Кабулда журналистерге берген сұхбатында айтты.

Мориллоның мәлімдеуінше, Талибанның ауғандықтарды сайлауға бойкот жариялауға шақыруына қоса елде шабуылдар саны көбейіп, қарапайым адамдар жарақат алған және адам шығыны болған. Бейсенбі күнгі жергілікті сайлауларға толық баға беруге әлі тым ерте деп атап көрсетті ЕуроОдақ бақылаушысы.
XS
SM
MD
LG