Accessibility links

Каддафи: Ливиялықтың босатылғаны үшін Британиямен қатынастар жақсармақ


Ливия президенті Муаммар Каддафидің мәлімдеуінше, 1988 жылғы Локерби шабуылына байланысты түрмеге жабылған ливиялықтың босатылуынан кейін Британиямен арадағы қарым-қатынастар жақсаратын болады. Ливия мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сенбі күні Каддафи Британия премьер-министрі Гордон Браун мен ел патшайымы Елизаветтаны Абдел Бассет әл-Меграхидің азат етілуі үшін Шотландия билігін «ынталандырғандары» үшін мадақтаған.

Британия үкіметінің айтуынша, Шотландия билігі қатерлі ісік ауруына шалдыққан Меграхиді азат ету жөніндегі шешімін тәуелсіз түрде шығарған.

Ливиялық барлау агенті Меграхи 1988 жылы Шотландияның Локерби қаласында АҚШ ұшағының жарылуына байланысты өмірлік түрме жазасына кесілген болатын. Ол шабуылдан 270 адам құрбан болды, олардың көбі американдықтар еді. АҚШ президенті Барак Обама 8 жыл түрмеде отырған Меграхидің азат етілуіне наразылық танытты.
XS
SM
MD
LG