Accessibility links

Рафсанжани Иран халқын бірігуге шақырды


Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанжани ирандықтарды елдің рухани көсемі Аятолла Али Хаменейдің басшылығына бағынуға шақырды. ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президент Махмуд Ахмадинежадтың қарсыласы болған Рафсанжани елді бірігуге шақырған.

Рафсанжанидің сенбі күнгі бұл мәлімдемесі оның шілде айында жасаған үндеуіне қайшы келеді. Шілденің ортасында ол Иран ислам республикасы дағдарыста деп жариялаған болатын. Сарапшылар ассамблеясының жетекшісі Рафсанжани сайлауда оппозиция үміткері Мирхоссейн Мусавиді қолдаған еді.
XS
SM
MD
LG