Accessibility links

Қарағандының экс әкімінің ұлы адам өліміне әкелген көлік апатына себепші болған


Қарағандының орталығындағы Бұхар жырау даңғылында орналасқан ҰҚК департаменті ғимаратының қарама-қарсысында «Мерседес» маркалы көлік ағашқа соғылып, көлік апатын жасаған.

Жедел жәрдем қызметінің хабарлауынша, көліктің жүргізушісі Қарағанды облысының экс әкімі Камалтин Мұхамеджановтың ұлы екен.

Көлік апатынан 1987 жылы туылған Мадияр Атилов деген жігіт қаза тауып, 32 жастағы тағы бір жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түскен. Көлік жүргізуші мен тағы бір жолаушы жай ғана жарақат алған. Дәрігерлердің ақпаратынша, көліктің жүргізушісі мен жолаушылары мас болған.
XS
SM
MD
LG