Accessibility links

Шотландия Парламенті Локерби шабуылшысының босатылуын талқылайды


Жазғы демалыстағы Шотландия Парламенті Локерби шабуылшысының босатылу мәселесін талқылау үшін бір апта ерте жұмысқа кіріседі. Бұған дейін 1988 жылы Шотландияның Локерби қаласының әуесінде жарылған ұшақта қайтыс болған американдықтардың туған-туыстары осы қылмысты ұйымдастырған деген айыппен сотталған ливиялықтың босатылғанына наразылық танытқан еді.

Сегіз жыл түрмеде отырған Әбдел Бассет әл-Меграхиді өткен аптаға Шотландия билігі түрмеден мерзімінен бұрын босатты. Жергілікті билік ливиялықтың түрмеден шығарылуын оның қатерлі ісікке шалдығып, бір ай ғана өмірі қалғандығымен түсіндірді.

Локерби апатында 270 адам опат болды, олардың басым бөлігі американдықтар. Әл-Меграхи 2001 жылы өмірлік түрме жазасына кесілген болатын.
XS
SM
MD
LG