Accessibility links

Үрімжі ісі бойынша 200-ден аса кісі сотқа тартылмақшы


Осы аптада Қытайдың батысындағы Шыңжаң аймағында осыдан бір ай бұрынғы қанды көтерілістерге қатысы бар деп айыпталып отырған 200-ден астам адам сотқа тартылады.

«Чайна Дэйли» мемлекеттік газетінің дүйсенбі күнгі хабарлауынша, сот процестері осы аймақтың орталығы -Үрімжі қаласында өтеді. Бұл қалада ұйғырлар мен ханзулар арасындағы қақтығыста 197 кісі қаза болды.

Қарулы полиция сот процесі өтетін ғимаратқа тәулік бойы күзет орнатып, қауіпсіздік күшейтілді.


XS
SM
MD
LG