Accessibility links

Текеліде шіркеу өртенді


Алматы облысының Текелі қаласында орналасқан христиан-баптистердің «Благовестье» евангелиялық шіркеуі өртеніп кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Шіркеудегі өрт дүйсенбі күні сағат кешкі 17. 00 шамасында 306 шаршы метрлік ғимарат жабынының жануынан басталған. Өрт екі сағаттан кейін облыстық өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілген.
XS
SM
MD
LG