Бүгін журналист Рамазан Есіргеповті қорғау жөніндегі штабтың Қазақстанның әр қаласындағы өкілдері мен журналистер ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың атына жазылған хатты тапсыру үшін аймақтардағы ҰҚК ғимаратына жиналмақ.
Бұл акция туралы Азаттыққа түсініктеме берген «Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының президенті Розлана Таукина: «Барлық қаладағы ҰҚК-нің өкілдіктеріне біздің штабтың мүшелері Амангелді Шабдарбаевтың атына жазылған хатты алып барады, оның саны қанша болатыны дәл қазір белгісіз, мейлі қанша хат жазсақ та, біздің талабымыз біреу — ол ҰҚК төрағасының «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповке қатысты Тараз сотының әділетсіздігін жария түрде мойындауы», — деді.