Accessibility links

Жовтис өзінің ісін «тапсырыс» деп санайды


Адам құқы және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис өзінің үстінен қозғалған қылмыстық істі «тапсырыс» деп бағалады. «Бұл саяси тапсырыс па, мен оны білмеймін. Бірақ бұл қылмыстық істің тапсырыс екеніне менің күмәнім жоқ», -деп мәлімдеді сейсенбі күні Алматыда Е.Жовтис.

Оның адвокаты Шолпан Батқалова осы істі тергеу барысында өрескел процессуалдық заңсыздыққа жол беріліп, Жовтистің құқы бұзылғанын мәлімдеді.

26 шілде күні Алматы облысындағы Алматы-Қараой автожолында Евгений Жовтис жүргізіп келе жатқан «Тойота. Раннер» автокөлігі жолаушыны қағып, ол тілге келмей қайтыс болды. Оның қазасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс бойынша бірінші сот мәжілісі Алматы облысына қарасты Бақанас кентінде 27 тамызда өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG