Accessibility links

Ресейдің 2 жауынгері Грузияға қашып пана тапты


Грузия шілде айының басында Оңтүстік Осетияға орналасқан Ресей армиясы бөлімінен қашқан жауынгер Дмитрий Артемьевке босқын мәртебесін берді.
Ресейлік «Новости» ақпарат агенттігіне босқындардың істері және қоныстандыру министрлігінің өкілі Ираклий Кокая хабарлағандай, ол туралы шешім 4 тамызда-ақ қабылданып қойды. Грузия үкіметі мен БҰҰ-ның босқындардың істері бойынша Комиссариаты Артемьевке қаржылай көмек береді.
2 шілде күні қатардағы жауынгер Артемьев Оңтүстік Осетиядағы әскери бөлімнен қашып, шекарадан Грузияға өтіп саяси пана сұрады. Оның айтуынша, сержанттар өзін үнемі жәбірлеп келген. Ресейде әскери борышынан жалтарды деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Артемьев – Александр Глуховтан кейін Грузиядан босқын мәртебесі берілген 2 ресейлік жауынгер.
XS
SM
MD
LG