Accessibility links

Ауғанстан: сайлаудың бастапқы нәтижесі шығады


Сейсенбі күні Ауғанстанда президент сайлауының алғашқы нәтижесі – дауыс беру учаскелерінің шамамен 10 пайызының есебі жариялануға тиіс. Сайлаудың толық нәтижесі бір аптадан кейін ғана жариялануы мүмкін.
БҰҰ 20 тамызда болып өткен президент сайлауының барысында тіркелген заңсыздықтар мен бұрмалаушылықтар бойынша барлық арыз-шағым тергеліп болмай тұрып, сайлауға түскен үміткерлерді бір-бірін айыптамай сабырлыққа шақырды.
Ең басты екі үміткер – Ауғанстанның қазіргі президенті Хамид Қарзай мен бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла өздерінің көп дауыс алғандарын мәлімдеп отыр. Оған қоса Абдулла ресми билікті сайлаудың нәтижесін бұрмалады деп айыптады.
XS
SM
MD
LG