Accessibility links

Бернанке – тағы 4 жыл АҚШ-тың бас банкирі болады


Сейсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Американың Орталық банкі болып табылатын Федералдық қор жүйесінің басшысы етіп Бен Бернанкені екінші 4 жылдық мерзімге қайта тағайындады.
Ол туралы Массачусетсте өткізген баспасөз-маслихатында Обаманың өзі хабарлады. АҚШ президенті Массачусетсте демалыста болды.
Бернанке - АҚШ-тың Федералдық қор жүйесінің басшысы болып Джордж Буштың тұсында тағайындалған болатын.
Барак Обама Бернанкенің қаржы дағдарысы кезіндегі іс-әрекетін жоғары бағалап, Федералдық қор жүйесінің іс-әрекеті АҚШ-ты екінші Ұлы депрессиядан сақтады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG