Accessibility links

Ауғанстан: президент сайлауында Қарзай алда келеді


Сейсенбі күні Ауғанстанда президент сайлауының алғашқы нәтижесі жарияланды. Сайлау комиссиясы хабарлағандай, дауыс беру учаскелерінің шамамен 10 пайызындағы дауыстар есептелген соң, қазіргі президент Хамид Қарзайдың аз ғана басымдықпен - 41 пайыз дауыспен алда келе жатқаны, ал оның негізгі бақталасы - бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулланың 39 пайыз дауыс алғаны анықталды.
Сайлаудың ақырғы нәтижесін жариялауға кемінде 1 апта уақыт керек.
БҰҰ сайлау барысында болған заңсыздықтар мен бұрмалаушылықтар туралы барлық шағым тергелмей, үміткерлерді дау шығармай сабыр болуға шақырды.
XS
SM
MD
LG