Accessibility links

Қазақстанға БҰҰ-ның арнайы өкілі келмек


Ертең Қазақстанға БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азияға қатысты превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының басшысы (UNRCCA/ОАПДО) Мирослав Енча келмек.

Екі күндік сапар барысында М. Енча Қазақстан басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіп, су-энергетика, терроризм мен лаңкестікке қарсы күрес, Орталық Азиядағы қазіргі жағдай, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікке қатысты ҚР мен БҰҰ аймақтық орталығы арасындағы серіктестік мәселелері туралы пікір алыспақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG