Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 25 бала бірінші сыныпқа бармақ. Жаңа оқу жылының қарсаңында осы балалардың ана-аналары мен дәрігерлер өзара мәмілеге келе алмай отыр. Өйткені «Бала ағзасының қорғаныш тапшылығына шалдыққанын мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі білуі тиіс пе» деген сауал өзекті мәселеге айналды, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалардың аталған індетті жаппай жұқтыру оқиғасы осыдан үш жыл бұрын тіркелген еді.
Ата- аналар мектеп табалдырығын аттамақ бүлдіршіндерді сыныптастары мен мектеп тарапынан кемсітушілік пен алалау болады ма деп қорқыныш білдіруде. Сондықтан олар перзентінің індетін көпшілікке жариялауға қарсы.
Ал дәрігерлер білім ошағында жыл сайын балаларға егу жұмыстары жүргізілетіндіктен, науқас балалардың жағдайын мектептің мейірбикесі білуі тиіс деген пікірде.
Дәрігерлерге ВИЧ індетін жұқтырған науқастар жөнінде қандай да бір мәлімет таратуға заң бойынша тыйым салынған. Соған қарамастан, Төле би ауданында оқушының ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны жұртқа жария болып кеткен. Сыныптастарымен бірге ұстаздары да шеттете бастаған бала қазір үйінде білім алуға мәжбүр.
Ата-аналар мен дәрігерлердің дауы мұнымен де бітпейін деп тұр. Алдағы жылдары ағзаның қорғаныш тапшылығын жұқтырған жүз шақты бала мектеп табалдырығын аттайды.