Accessibility links

БТА Банкінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот тыңдауы кейінге қалдырылды


Бүгін Алматының Алмалы аудандық сотында банк қаржысын жымқырды деп қылмыстық жауапкершілікке тартылған БТА Банкінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот тыңдауы өтуі тиіс болатын.

Бұл сот тыңдауының кейінге қалдырылып, 2-қыркүйекте өткізілетінін Азаттық радиосына БТА Банкінің заңгері хабарлады.
Ал Алмалы аудандық соты бұл істің қалалық сотқа өткізілгенін, сот тыңдауының сонда болатынын айтты.

Банктің бұрынғы 12 қызметкері Мұхтар Әблязовтің ұйымдасқан қылмыстық тобының құрамында аса ауыр қылмыс жасаған деп айыпталып отыр.
XS
SM
MD
LG