Accessibility links

Ирақ шииттерінің бір көсемі қайтыс болды


Иранда Ирақ шииттерінің беделді діни көсемдерінің бірі Абдул-Әзиз Әл-Хакім 59 жасында дүниеден өтті. Оның көмекшілері хабарлағандай, Әл-Хакім өкпесінің қабынуынан емделіп жатқан Теһран ауруханасында қайтыс болды.
Марқұм Ирақтағы билік басында тұрған шииттер бірлестігіне кіретін және шииттердің «Ирақтың жоғарғы ислам кеңесі» деп аталатын жетекші тобын бастарып келді.

Саяси сарапшылардың пікірінше, оның қазасы 2010 жылдың қаңтарына жоспарланған парламент сайлауының алдында елдегі саяси тұрақсыздықты ушықтыра түсуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG