Accessibility links

Венада ҰҚК-іне қатысты тыңдау басталды


Сәрсенбі күні Венада Аустрия парламентінде Аустрияның кейбір депутатының, саясаткерінің және журналисінің Қазақстанның құпия қызметімен байланысы болды және соған қызмет атқарды делінген ақпаратты тергеу үшін құрылған арнайы комиссияның жұмысы басталды. Бұл туралы Азаттықтың тілшісі хабарлады.

Кейбір мәліметке қарағанда, арнайы тыңдауды өткізудің тәртібі бойынша бір уәжге келуі тиіс парламенттік комиссияның жұмысы жыл соңына дейін созылуы мүмкін. Оған қоса, комиссияға кірген парламенттегі барлық фракцияның келісімі бойынша, куәгерлердің тізімі айқындалуға тиіс.
XS
SM
MD
LG