Accessibility links

Жоғалған банкирлердің жұбайлары Рахат Әлиевті экстрадициялауды талап етуде


Қазақстандық «Тағдыр» қоғамдық қоры Аустрия үкіметінен Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы, Қазақстанның Аустриядағы экс-елшісі Рахат Әлиевті экстрадициялауды талап етуде.

РИА Новостидің хабарлауынша, «Тағдыр» қоғамдық қорының өкілдері Венаның орталығындағы Аустрия парламенті ғимаратының алдында «Құрбандар Рахат Әлиевті айыптайды» деген ұранмен акция өткізген. Бұл шараның өткізілуіне парламенттің «Әлиев ісіне» жөніндегі тергеу комиссиясы жұмысының басталғаны себеп болып отыр.

Бұдан кейін өткен баспасөз мәслихатында «Тағдыр» қоғамдық қорының төрайымы Армангүл Қапашева мен Шолпан Хасенова Аустрия билігін әділеттілікті қалпына келтіріп, Әлиевті Қазақстанға экстрадициялауға шақырды.

«Тағдыр» қоғамдық қоры өздерінің хаттарын Аустрия парламентінің Ұлттық кеңесіне тапсырды. Онда олар Әлиевті кім қорғайды? Оған қатысты неге тергеу жүргізілмейді? Рахат пен оның айналасындағылар еш кедергісіз Аустрияда неге қалдырылып отыр деген сұрақтарына жауап беруді талап еткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG