Accessibility links

«БТА банкінің» бұрынғы басшылығына тиесілі барлық активтердің жұмысы тоқтатылды


Англияның Жоғарғы соты «БТА банкі» АҚ-ның талабын қамтамасыз ету шарасы ретінде Мұхтар Әблязов пен басқа да жауапкерлерге тиесілі барлық активтердің жұмысын тоқтату туралы бұйрық шығарды, — делінген банк таратқан хабарламада.

«БТА банкі» АҚ Англияның Жоғарғы сотына банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа, бұрынғы басқарма төрағасы Роман Солодченко мен оның орынбасары Жақсылық Жәрімбетовке қарсы талап-арыз берген. Аталған азаматтардың бәрі Қазақстаннан кетіп қалған, олар қазір Ұлыбританияда тұрады.

13 тамыз күні Англияның Жоғарғы соты банк талабын қамтамасыз ету шарасы ретінде Мұхтар Әблязовқа, Роман Солодченко мен Жақсылық Жәрімбетовке, сондай-ақ Ұлыбританияда тіркелген, банктің пікірінше,«БТА банкінің» бұрынғы басшылығына көмектескен деген компанияға тиесілі барлық активтердің жұмысын тоқтату туралы бұйрық шығарды, бұл бұйрық активтердің қайда орналасқанына қарамастан жүзеге асырылады.
XS
SM
MD
LG