Accessibility links

Хаменей: Ирандағы толқуларға шетел үкіметтерінің қатысы жоқ


Иранның рухани көсемі оппозициялық шерулерді ұйымдастырған жетекшілердің шетелге жұмыс істегендеріне дәлел таппағанын айтты. Аятолла Али Хаменейдің бұл мәлімдемесі Иран билік орындарының бұрынғы айыптауларына қайшы келеді.

Иран үкіметі маусым айындағы оппозициялық шерулерді АҚШ пен Британия сияқты шетел мемлекеттері қолдады деп айыптаған болатын. Вашингтон мен Лондон бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Қазір Теһран соты президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына нарызылық білдірген бірқатар оппозициялық тұлғалардың ісін қарап жатыр.
XS
SM
MD
LG