Accessibility links

30 -тамыз Қазақстан Конституциясының күні


Қазақстанның қазіргі қолданыстағы Конституциясы 1995 жылдың 30-тамызы күнгі жалпыхалықтық референдумда қабылданған, 2007 жылы оған түзетулер енгізілген.

Қазақ мемлекетінің бас құжаты болып табылатын Конституцияның тарихына тоқталатын болсақ, 1993 жылы қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданған болатын.

Ал 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтіп, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет адамның дүниеге келген сәтінен бастап ажырамас құқықтарына қатысты нормалар енді.

Осы құжат бойынша Қазақстан Республикасының президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке тән.

Республиканың қолданыстағы заңнамасы бойынша, мемлекеттік мерекеге сәйкес келген күн демалыс күні болып есептеледі. Ал әдеттегі демалыс күніне мереке күні сай келсе, онда келесі күн тағы демалысқа жатқызылады. Биылғы 30-тамыз күнгі ҚР –ның Конституциясының күні мерекесі жексенбіге сай келгендіктен қазақстандықтар 29, 30 және 31-тамыз күндері демалатын болды.

Конституция күніне орай Қазақстанның барлық қалаларында мерекелік шаралар өткізіліп, Астанадағы Тәуелсіздік сарайының алдындағы алаңда алғаш рет 2300-ден астам жауынгер қатысатын әскери шеру өткізілмек.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG