Accessibility links

Астанада ТМД-ғы ең биік кешеннің құрылысы басталмақ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» зәулім ғимарат кешенінің құрылысына капсула салу салтанаты болды.

Бұдан бұрын Қазақстан үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысын тұрғызу туралы келісімге қол қойғанын хабарлағанбыз.

88 қабаттан тұратын «Әбу-Даби Плаза» кешенінде жоғарғы және орта дәрежелі 450 пәтер мен екі қонақ үй болмақ. Сонымен қатар әлемдік стандартқа сай жалпы аумағы 80 мың шаршы метр кеңселік ғимарат құрылысы да осы жерден орын алмақ.

Аталмыш кешен Астананың халықаралық әуежайымен монорельсті жол арқылы тікелей байланыстырылмақ. 5,3 мың көлікке арналған көлік тұрағы болатын бұл нысанның жалпы құны 1 миллиард доллардан асады, құрылыстың алғашқы кезеңі 2013 жылы, екнші кезеңі 2014 жылы аяқталады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG