Accessibility links

«Новая жизнь» шіркеуінен зардап шеккендер Қаржы полициясы мен ҰҚК-нен жауап ала алмай отыр


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін бір топ азамат өздерінің «Новая жизнь» шіркеуінен материалдық-моральдық зардап шеккендіктерін айтып, баспасөз мәслихатын өткізді.

Шіркеудің қақпанына аяқ астынан түсіп қалғанын айтқан үш баланың анасы Жанна Атабекова шіркеудің үгіт-насихатының нәтижесінде бизнесі мен бар мүлкінен айрылғанын баяндап: «Шіркеуге он жыл бұрын келгем. Шіркеудің жиынына барып жүрдім. Менің қазақ екенімді көрген соң олар қазақ қауымына шақырды. Шіркеуге келердің алдында бизнесім мен пәтерім болды. Шіркеу басшылары осыған қызықса керек. Кейіннен соның барлығынан айырылдым», — деді.

Зардап шеккен азаматтар Қаржы полициясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сәуір айында арыз-шағым түсіріп қойған. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ.

«Новая жизнь» шіркеуі Қазақстанда 90-шы жылдардан бастап жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ шіркеудің аты Қазақстанның Бас прокуратурасы ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді деген діни ұйымдардың тізіміне іліккен.
XS
SM
MD
LG