Accessibility links

Молдова жаңа құрамдағы парламенттің спикерін сайлады


Молдованың жаңа құрамдағы парламенті спикер ретінде батысшыл коалицияның мүшесі Михай Гимпуды сайлады. Жұма күні парламент алғашқы жиналысын өткізді. Коммунистер оған бойкот жариялады.

Биыл 29 шілдедегі сайлауда төрт партияның альянсы жеңіске жеткен болатын. Бұған дейін сегіз жыл билікті басқарған коммунистік партия заң шығарушы органдағы көпшілік орыннан айрылған еді. Президент Владимир Воронин үшінші мерзімге сайлана алмайды.

Альянстың үкіметті жасақтауға дауыстары жетеді, бірақ өз кандидатын президенттікке өткізе алатындығына нық сенім жоқ.
Коммунистік партия либералдармен коалиция құру мүмкіндігінен бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG