Accessibility links

Польша ресейлік журналиске босқын мәртебесін берді


Amnesty International ұйымының жұма күні хабарлауынша, Польша Шешенстандағы адам құқықтарының бұзылуы туралы мақала жариялағаннан кейін психиатриялық ауруханаға жіберілген ресейлік журналиске босқын мәртебесін берді.

Ұйымның Польша бойынша өкілінің айтуынша, Евгений Новожилов осыдан екі апта бұрын босқын мәртебесін алған. Оның өтініші өткен жылдың ақпан айында тіркелген болатын.

Журналистерді қорғау жөніндегі комитеттің хабарлауынша, Ресейде сыншыл журналистердің саны азайып отыр.
XS
SM
MD
LG