Accessibility links

Қырғызстанның ұшағы апатты жағдайда Орал қаласына қонды


Сенбі күні Қазақстанның батысында Қырғызстанның ұшағы апатты жағдайға қонуға мәжбүр болды.

Бішкектен Мәскеуге бара жатқан Боинг 737-200 ұшағы Орал қаласындағы Ақ жол әуежайына қонды деп Қазақстанның төтенше жағдайлар агенттігі хабарлаған.

Ұшақта 118 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Ешкім жапа шекпеді.

Алдын ала белгілі болған мәліметке қарағанда, ұшақтың сол жақтағы двигателі істен шыққан.
XS
SM
MD
LG