30-шы тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні. Елдің ата заңы осыдан он төрт жыл бұрын қабылданған болатын.
Бірақ 2007 жылдың 21-ші мамырында “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заң күшіне енді. Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз президент болып сайлануға құқық беретін заң болды.
Қазақстан оппозициясы ел Конституциясына енгізілген ол өзгерістер тек президенттің билігін нығайтуға бағытталған дейді.
Қазақстан аумағында Конституция күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Астанада мерекеге арналған әскери шеруде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ата заңымызға ұқыппен қарап, оны сыйлау ортақ міндетіміз дей келе, ел конституциясының 15 жылдығын жаңа жетістіктермен қарсы аламыз деді.