Ауғанстандағы сайлауға қатысты шағымдарды қарайтын комиссия өздеріне тамыздың 20-дағы президенттік сайлаудың қорытындысына әсер етуі мүмкін 550-ден аса шағым түскенін айтуда.
Комиссия өкілі Неллика Литлдың сөзіне қарағанда, оларға дауыс беру күні мен дауысты санау барысындағы заңсыздықтар туралы жалпы 2 мыңнан аса арыз-шағым келген. Олардың 567-сі шындыққа сай келсе, сайлаудың қорытындысына салдарын тигізуі мүмкін дейді ол.
Сайлау учаскелерінің 35 пайызы есептеліп, жарияланған бастапқы нәтижелер қазіргі президент Хамид Қарзайдың жеңіске жету мүмкіндігін танытып отыр. Ол өзінің сайлаудағы басты қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулладан басым түсіп отыр.
Абдулла мен басқа да кандидаттар сайлау кезінде бұрмалаушылықтар болды деп мәлімдеді. Сайлаудың толық қорытындысы бірнеше аптадан кейін жарияланады.