Accessibility links

Далай Лама Тайванда


Тибеттің рухани көсемі Далай Лама Тайванда жүр. Қытай билігі бұл сапар автономиялық аралмен арадағы қарым-қатынастарға қауіп төндіруі мүмкін деп ескертті.

Жексенбі күні Үндістаннан келген Далай Лама табиғи апаттан зардап шеккен оңтүстік аймақтарға барды. Тайвань билігі ресми кездесулер жоспарланбаған деп хабарлады.

Қытай үкіметі Далай Ламаны Тибеттің тәуелсіздігін көздейтін сепаратист деп атайды.

1949 жылы азаматтық соғыстан кейін бөлініп шыққан Тайванді Қытай жікшіл аймақ деп қарастырады бірақ соңғы кездері бұл аралмен экономикалық қарым-қатынастарды нығайтқысы келетінін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG