Accessibility links

Дубайда шешен азаматының өліміне қатысты күдіктілердің ісі қаралуда


Мәскеушіл Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың қарсыласына жасалған қастандыққа қатысы бар деп күдіктелген екі адам өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Бүгін Дубай сотында Иран мен Тәжікстан азаматтарының ісі қаралды. Оларға шешен бүлікшілерінің бұрынғы қолбасшысы Сулим Ямадаевтың өліміне қатысы бар деген айыптар тағылған. Ұзақ уақыт бойы Ресеймен күрес жүргізген Ямадаев наурыз айында Дубайда оққа ұшқан болатын. Дубай полициясы бұл қылмысқа қатысты төрт күдікті бар екендігін, соның біреуі Ресей парламентінің депутаты екендігін хабарлады. Полицияның айтуынша, олар елден қашып кеткен.
XS
SM
MD
LG