Accessibility links

Беслан трагедиясына бес жыл


Солтүстік Осетияда Беслан трагедиясының бес жылдығына орай 1-3 қыркүйек күндері қаралы шаралар жиыны өткізілмек. Қазір бұл аумақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Шараның басы бүгін Бесландағы № 1 мектепте басталады. 2004 жылдың 1-қыркүйегі күні осы мектепті терроршылар басып алған еді. Оқушылар мен ата-аналар және мұғалімдерді қосқанда барлығы мың екі жүздей адам олардың тұтқынында қалған.

Терроршылар шабуылы мен тұтқындағыларды босату операциялары барысында 330 адам құрбан болған, олардың 180-нен астамы балалар.
XS
SM
MD
LG