Accessibility links

«Республика» газетіне қатысты сот отырысы өтуде


Бүгін Алматының Медеу аудандық сотында «Республика» газетіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Осы жылдың шілде айының соңынан бері «Республика» газеті БТА банкімен соттасып жатыр. 2009 жылдың 6 -наурызында «Республика» газетінің 8-санында жарық көрген Мұхамеджан Әділовтің «Хрен редьки не слаще» атты мақаласы банктің 6 миллиард 770 мың теңге депозитінен және клиенттерінен айырылып қалуына тікелей әсер еткен деп БТА банк аталмыш басылымның үстінен сотқа шағым түсіріп, басылымның бас редакторы мен аутордан 80 млн. теңге талап еткен.

«Біріншіден, банкирлер мемлекеттен, президенттен, үкіметтен қауіпті әрі үлкен құпияны жасырғысы келетін шығар. Екінші жағынан, үкімет немесе президент аппараты қоғамдағы шындықты айтып жүрген басылымның жұмысын БТА банк арқылы тоқтатпақ ниетте болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, шындықты естігісі келмейтіндердің баяғыдан зығырданы қайнап жүргені белгілі», — деген еді «Республика» газеті бас редакторының орынбасары Оксана Макушина 25 тамызда өткен баспасөз мәслихатында.

XS
SM
MD
LG