Accessibility links

Назарбаев: Қазақстан адам құқын қорғаудың заңнамалық базасын нығайтпақ


Бұл туралы бүгінгі қос палатаның біріккен отырысында парламент сессиясын ашқан ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Ол: «Қазақстан азаматтарының ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан құқы мен бостандығын қорғауда тең құқықты болу заңдылығы жұмыстарын жалғастыруды маңызды деп есептеймін. Сот ісінің ашықтығы арқылы халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру керек. Парламент жұмысының басым бағыты әкімшілік-құқықтық реформаларды қамтамасыз ету мен азаматтық қоғамның демократиялануы болуы тиіс», — деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG