Accessibility links

Уинтон балаларының пойызы Лондонға аттанды


Осыдан 70 жыл бұрын нацистік басқыншылардың құрсауындағы Чехославакияда жүздеген еврей балаларын құтқару әрекетіне құрмет пойызы Прага қаласынан Лондонға жолға шықты.

1939 жылы британдық жас брокер Николас Уинтон 670 еврей баласын пойызбен Англияға алып шығып, британ отбасыларының қарауына тапсырған. Сол маршруттың ізімен жолға шыққан «Уинтон пойызына» сол жылдары аман қалғандар мен олардың жақын туыстары отырды.

Үш күн жол жүретін бұл пойызды Лондон қаласында жүз жастағы қарт Николас Уинтонның өзі қарсы алады.
XS
SM
MD
LG