Accessibility links

Жалған доллар жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық студенттер елге оралмақ


АҚШ-тың Орлеан аймақтық сотында жалған доллар жасады деген күдікке ілінген қарағандылық екі студентке қатысты сот тыңдаулары аяқталып, олардың айыптары алынып тасталды.

Бұл туралы Әлібек Тайлақовтың ата-анасы: «Балалар елге оралмақ, бірақ бұл экстрадиция емес, олар ештеңеге де кінәлі болмаған, үйге келген соң журналистермен кездесіп, америкада не болғаны айтып беруге де даяр», — деді.

АҚШ-қа жаздық Work and Travel бағдарламасымен барған 19 жастағы Әлібек Тайлақов пен 21 жастағы Александр Кустовскийді полицейлер Массачусетс штатының Чатема қаласында қолға түсірген. Тінту кезінде олардан екі компьютер, принтер, бірнеше флэшка мен 700 –ден астам 20 және 100 долларлық жалған купюралар табылған.

Студенттердің туыстары сот белгілеген 540 доллар кепілдікті апарып бергенен кейін олар бостандыққа шығарылған, 31-тамыз күні айыптаулары алынып тасталған.
XS
SM
MD
LG