Accessibility links

Қазақстанға Эстонияның үкімет басшысы келеді


7- қыркүйек күні Қазақстанға Эстония Республикасының премьер-министрі Андрус Ансипа ресми сапармен келеді, — деп мәлім етті ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Эстонияның үкімет басшысы екі күндік сапар барысында Қазақстан басшылығымен кездесіп, екі жақты қатынастардың кең ауқымды мәселелері, нақтырақ айтқанда көлік, білім және ғылым саласындағы өзара әрекеттестік, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі диалог, сондай-ақ жаһандық және аймақтық қауіпсіздік жөнінде пікір алмасады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG