Accessibility links

Сот Жовтистің адвокатының өтінішін қабылдамады


Бүгін Алматы облысының Бақанас қаласында адам құқы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтистің ісі бойынша сот жүріп жатыр.

Процесс барысында Жовтистің адвокаты Виталий Воронов судья Чолан Толқыновты істен шеттету туралы өтініш түсірді деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Адвокат өзінің осындай өтініш жасауына судьяның жақтаушы жақтың бұған дейінгі өтініштерін негізсіз кері қайтарғандығы, сондай-ақ тағы бірқатар өтініштердің жауабын түсініксіз күйде қалдырғандығы түрткі болды деп түсіндірген. Үзілістен кейін сот адвокаттың бұл ұсынысын қабылдамау туралы шешім шығарды.

Осы сот процесі қарсаңында халықаралық «Хьюман Райтс Вотч» құқыққорғау ұйымы Қазақстан үкіметінен Евгений Жовтистің ісінің әділетті қаралуын сұраған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG