Accessibility links

Үндістан президенті Ресей мен Тәжікстанға барады


Сәрсенбі күні кешке Үндістан президенті Пратибха Патил екі жақты қарым-қатынасты дамыту мақсатындағы сапармен Ресейге барады. Төрт күндік сапары барысында Патил өзінің ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен және премьер-министрі Владимир Путинмен кездеседі.

Үндістан басшысының сапары әрі қарай Тәжікстанда жалғасады. Осы елдегі қыркүйектің 6-күні басталатын сапары барысында ол президент Эмомали Рахмоновпен кездесіп, Тәжікстанның тәуелсіздік мерекесіне қатысады.
XS
SM
MD
LG