Accessibility links

Иран парламенті үкіметке қатысты дауыс беруін кейінге қалдырды


Иран парламенті президент Махмуд Ахмединежад ұсынған үкімет мүшелерін дауысқа салуын бейсенбіге қалдырды.

Парламент 21 министрлік қызметке үміткерлерді жексенбіден бері талқылап келеді. Талқылаулар барысында кей үміткерлердің кәсіби тәжірибесіне байланысты алаңдаушылықтар айтылды, олардың ішінде Барлау министрлігіне ұсынылған Хейдар Мослехидің кандидаттығы да сөз болды.

Бұл сайлау Ахмединежад билігінің қаншалықты мықты екендігінің көрсеткіші болмақ. Осыдан төрт жыл бұрын парламент Ахмединежад ұсынған үміткерлердің төртеуін қолдамаған еді. Үміткерлер қолдау таппаған жағдайда президент үш айдың ішінде жаңа ұсыныс дайындауы тиіс.
XS
SM
MD
LG