Accessibility links

Құқыққорғаушылар: Ресей Солтүстік Кавказда өлім эскадронын пайдаланады


Сәрсенбі күні ресейлік құқыққорғаушылар тобы Ресейдің қауіпсіздік күштерін Солтүстік Кавказдағы мұсылман бүлікшілеріне қарсы «өлім эскадронын» пайдаланып жатқаны үшін айыптады.

Адам құқықтары үшін ұйымының жетекшісі журналистерге берген сұхбатында мұндай күдікті әдіс Кавказда соғысқа жетелейді деп мәлімдеді. Сонымен қатар, сәрсенбі күні Мемориал құқық қорғау тобы аймақта адам ұрлау фактісі көбейгендігін алға тартып, сол үшін федералдық қауіпсіздік күштерін айыптады.

Ұйымның мәліметі бойынша, Шешенстанда осы жылдың бірінші жартысында 79 адам, ал Дағыстанда биылғы ақпан айынан бері 25 адам ұрланған. Солардың 12-сі өлтірілген.
XS
SM
MD
LG